Жапонияда мұзды қалашық бой көтерді

Фотография - Жапонияда мұзды қалашық бой көтерді

Жапонияның Саппоро қаласында мұзды қалашық бой көтерді

226 0

Жапонияның Саппоро қаласында мұзды қалашық бой көтерді.

15 метрлік қардан жасалған зәулім сарайлар, таңғажайып мүсіндер дәстүрлі «Юки-Мацури» атты мұзды фестиваль аясында жұрт назарына ұсынылды. Қалашықта жалпы 200-ден астам туынды жарық көрген. Кәсіпқой мүсіншілер жапондық мультфильм, ертегі кейіпкерлерін және атақты спортшыларды бейнелеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық мүсіндерді жасауға шамамен 32,5 тонна қар жұмсалған екен. Қонақтарды қызықтыру үшін фестиваль аясында әуесқой мүсіншілер арасында түрлі сайыстар да өтіп жатыр. Шара ақпанның 11-не дейін жалғаспақ.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!