Жаңа Зеландияда тотықұс саяхатшыны тонап кетті

Фотография - Жаңа Зеландияда тотықұс саяхатшыны тонап кетті

Көліктің терезесі ашық тұрған кезде құс көлік салонына кіріп, ақшаны ұрлап кеткен

154 0

Жаңа Зеландияда кеа тотықұсы Шотландиядан келген саяхатшының 700 фунт стерлинг көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткен, деп The Daily Record-қа сілтеме жасай отырып lenta.ru хабарлады. Бұл оқиға 52 жасар Питер Личтің өз фургонынан шыққан уақытында орын алған. Көліктің терезесі ашық тұрған кезде құс көлік салонына кіріп, ақшаны ұрлап кеткен. Лич тотықұсты суретке түсіріп үлгерген.

Личтің айтуынша, оған құстың көлік ішінен ұшып бара жатқандығы туралы көшеде өтіп бара жатқан адамдар айтқан. Саяхатшы фургонға кіріп, тотықұстың әмиянды ұрлап кеткендігін көрген. Әмиянның ішінде саяхатшының барлық ақшасы болған.

Осы оқиғадан кейін Лич полицияға арыз жазған.

Кеа Жаңа Зеландияда өмір сүреді. Тотықұстардың бойының ұзындығы 45 сантиметрге дейін және салмағы бір келіге дейін жетеді. Кеа қауырсындарының түсі жасыл немесе сарғыш болады.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!