АҚШ билігі бүкіл мемлекетте тегін Wi-Fi қосуды жоспарлап отыр

Фотография - АҚШ билігі бүкіл мемлекетте тегін Wi-Fi қосуды жоспарлап отыр

АҚШ-тың байланыс құралдары жөніндегі федералдық комиссиясы (FCC) Америка Құрама Штаттары аумағында Wi-Fi-ға тегін қосылуды қолға алып отыр

260 0

АҚШ-тың байланыс құралдары жөніндегі федералдық комиссиясы (FCC) Америка Құрама Штаттары аумағында Wi-Fi-ға тегін қосылуды қолға алып отыр.

Washington Post басылымының ақпараты бойынша, FCC атынан америкалық билік Wi-Fi желісін бүкіл мемлекетке таратуды жоспарлап отыр. Олар миллиондаған адамға сапалы интернетті пайдалануға, мобильді интернет қолданушылардың ақшаны күнделікті төлемеуіне мүмкіндік бермек.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша алдағы бірнеше жыл ішінде бұндай жүйе іске аспайды. FCC өз жоспарларын іске асыру үшін жергілікті провайдерлерді өз активтері мен техникалық қуаттарының бір бөлігін мемлекетке сатуға көндіру керек. Ал жеке меншік компаниялардың бұған деген көзқарасын ескере отырып, бұны жасау оңайға түспесі анық.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!