Брюссельде Малиге қатысты жиын басталады

Фотография - Брюссельде Малиге қатысты жиын басталады

Халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекет басшылары бүгін Брюссельде Малидегі жағдайға қатысты жиын өткізеді

183 0

Халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекет басшылары бүгін Брюссельде Малидегі жағдайға қатысты жиын өткізеді.

Жиынға қатысушы Африка одағы, БҰҰ, Еуропа Одағы және Батыс Африка мемлекеттері, Дүниежүзілік банк пен Африка даму банкінің делегациялары Мали үкімет күштері мен Франция әскерилерінің елдегі исламшыл топтарға қарсы операцияларын үйлестіру, тұрақтылық орнату жайын талқылайды. Малидегі дағдарысқа себеп болған кедейшілік пен саяси проблемалар да назардан тыс қалмайды.

Мали үкіметі елдің солтүстігін басып алған көтерілісшілерді ығыстырып шығару үшін халықаралық қауымдастықтан көмек сұраған соң, қаңтардың ортасында елге Франция әскері кіргізілген еді.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!