Ахмединежадты аяқ киіммен ұрмақ болды

Фотография - Ахмединежадты аяқ киіммен ұрмақ болды

Махмұд Ахмединежадты белгісіз біреу аяқ киіммен сабамақ болды.

264 0

Египет астанасы Каирге арнайы іссапармен келген Иран президенті Махмұд Ахмединежадты белгісіз біреу аяқ киіммен сабамақ болды.

Тосын жайт Иран президентінің Әл-Хұсейін мешітінен шығып, көпшілікпен сөйлесіп тұрған сәтінде орын алған. Жергілікті телеарналардың бірі бұл сәтті бейнекамераға түсіріп үлгеріпті. Белгісіз тұлға Ахмеденижадқа жақын келіп, оған бәтеңкесін лақтырып: «сендер біздің бауырларымызды өлтіріп жатырсыңдар» деп айқайлаған.

Президент сақшылары қаскөйді дер кезінде ұстап, оқиғаның ушығуына жол бермеді. Қазір күдікті тәртіп сақшыларының қолында. Ал, жергілікті БАҚ өкілдері бәтеңке атқыш «мергеннің» сөздерінде сириялық екпін барын айтып отыр.

Айта кетейік, Махмұд Ахмеденижад Каирге 5 ақпан күні Исламдық серіктестік ұйымының саммитіне келген болатын. Бұл Иран басшыларының соңғы 30 жылдағы Египетке жасаған алғашқы іссапары. Отыз жыл бұрын бұл екі елдің арасында елшілік байланыс үзілген еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!