Еврейлер мінген автобусты «Хизбалла» өкілдері жарған

Фотография - Еврейлер мінген автобусты «Хизбалла» өкілдері жарған

Бұл жайында Болгария Ішкі істер министрі Цветан Цветанов мәлімдеді.

151 0

Болгарияның құқық қорғаушылары өткен жылдың шілдесінде Бургас қаласының әуежайында болған жарылысқа қатысы бар деген екі күдіктінің тұлғасын анықтады. Олардың ливандық радикалды ұйым «Хизбалламен» байланысы бар және өздерімен Канаданың және Австралияның төлқұжаттары болған. Бұл жайында Болгария Ішкі істер министрі Цветан Цветанов мәлімдеді.

Автобуста орын алған жарылыс салдарынан Израильдің бес азаматы мен жүргізуші көз жұмған болатын. «Бүгінде бұл іске қатысты тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. «Хизбалла» ұйымының үш азаматының қатысы барын анықтадық, екеуінің нақты тұлғалары да анық. Олар Болгарияда жалған құжатпен жүрген. Негізгі тұрақты жерлері Ливанда» деді Цветанов өз сөзінде.

Тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте жарылған бомбаның әдеттегі жарылғыш заттардан ерекше болғандығын да айтып отыр, механизмі ерекше дейді. Бүгінде Ливан билігі аталған қылмысты толықтай ашу үшін Болгариямен біріге жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!