Исламды сынайтын дат жазушысына шабуыл жасалды

Фотография - Исламды сынайтын дат жазушысына шабуыл жасалды

Копенгагенде (Дания) исламды сынап жүрген дат жазушысы Ларс Хедегардқа шабуыл жасалды. Шабуыл жасаған белгісіз біреу оған қарудан бір рет оқ атқанымен, ол жазушыға тимеген

254 0

Копенгагенде (Дания) исламды сынап жүрген дат жазушысы Ларс Хедегардқа шабуыл жасалды. Шабуыл жасаған белгісіз біреу оған қарудан бір рет оқ атқанымен, ол жазушыға тимеген. Қастандық жасаушы жазушының үйіне сәлемдеме алып келген адам ретінде кірген. Жазушыға шабуыл жасалғанын Дания полициясы растап отыр.

Хедегард дат сөз бостандығы қоғамын басқарады. Ұйым исламды сынайтын дәрістер өткізіп, кездесулер ұйымдастырады.

2011 жылы Хедегард исламға тіл тигізді деп айыпталып, айыппұл салынған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!