Бейжіңде ауа сатылып жатыр

Фотография - Бейжіңде ауа сатылып жатыр

Үкіметтің ауаның ластануымен күрес бағытындағы әрекетсіздігіне наразы болған бейжіңдіктер «консервіленген» ауаны жаппай сатып алып жатыр

258 0

Үкіметтің ауаның ластануымен күрес бағытындағы әрекетсіздігіне наразы болған бейжіңдіктер «консервіленген» ауаны жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлайды РБК. 10 күннің ішінде таза ауа толтырылған 8 миллион құты сатылған. Оны қытайлық миллионер Чень Гуанбяно өндірген.

80 центке сыра құтысының үлкендігіндей ыдыстағы ауаны сатып алуға болады екен. «Егер біз қазір іске кіріспесек, енді он жылдан соң біздің ұрпақ үнемі қорғаныш маскасын киіп, ауа толтырылған баллонды асынып жүруге мәжбүр болады», - дейді миллионер.

Журналист Василий Головнин «Эхо Москвы» сайтындағы блогында «Қытай астанасының Тяньаньмэнь алаңында түтіннің қоюлығы соншалықты қабырғада тұрған әйгілі төраға Маоның портреті де көрінбей тұр» деп жазады. Ал жергілікті БАҚ Бейжіңнің ауасымен күні бойы дем алу осы уақыт ішінде 21 тал темекі шеккенмен бірдей екенін жазуда.

Пекин университеті жанындағы Ұлттық денсаулық сақтау мектебіның зерттеуіне қарағанда 2012 жылы ҚХР астанасында түтіннің салдарынан 8,5 мың адам көз жұмыпты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!