"Хасан атайды" өлтірген адам Түркияда ажал құшты

Фотография - "Хасан атайды" өлтірген адам Түркияда ажал құшты

деп хабарлайды "Известия" газеті арнайы қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап

181 0

Хасан ата деген лақап атпен белгілі қылмыс әліменің серкесі Аслан Усоянды өлтіруге тапсырыс бергендер Түркияда ажал құшты деп хабарлайды "Известия" газеті арнайы қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасап.

Қылмыс әлемінің тағы бір ықпалды адамы - әзірбайжандық Ровшан Джаниевті аңдушылар 1 ақпан күні Ыстамбұлда қапы қалдырған. Төңірегі толған күзетші болса да киллерлер Джаниевті оққағарларымен бірге оққа байлаған. Бірнеше жерінен жарақат алған «авторитет» ауруханада 5 ақпан күні көз жұмыпты.

Арнайы қызмет өкілдері Джаниевке қастандықты Хасан ата кланының өкілдері емес, қылмыс әлемінің тағы бір ықпалдысы - Мераб Джангвеладзе (Мераб Сухумский) ұйымдастырған, деп отыр. Ол ыңғайлы сәтті пайдаланып бәсекелестерінің барлығының көзін жоюды ойлаған деп болжауда арнайы қызмет.

Дереккөзінің жазуынша, ресейлік арнайы қызмет Түркия полициясына бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімет беру жөнінде сұрау салуға әзірленіп жатқан көрінеді.

Еске сала кетейік, Хасан ата (Аслан Усоян) Мәскеуде 16 ақпан күні өлтірілген болатын.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!