Қырғыздың белгілі ақын қызы министрдің орынбасарын тістеп алды

Фотография - Қырғыздың белгілі ақын қызы министрдің орынбасарын тістеп алды

Қырғыздың белгілі ақын қызы Нариста Алиева Әділет министрінің орынбасары Жылдыз Мамбеталиевті тістеп алған

161 0

Қырғыздың белгілі ақын қызы Нариста Алиева Әділет министрінің орынбасары Жылдыз Мамбеталиевті тістеп алған.

Әртіс пен шенеуніктің арақатынасынан ши шығуына әлдебір ерекше себеп болмаған. Бұл бір подъезде тұратын көршілердің кәдімгі тұрмыстық жайттарға байланысты кикілжіңі. Министрдің орынбасары ақын қыз басқаратын «Мәдениет» журналы редакциясы кеңсесінен бір қабат төмен тұрады. Әрине, редакция болған соң, келіп-кетушілер көп. Шығармашылық адамдары бас қосқан орта қашанда ду-думан. Осы шу Жылдыз Мамбеталиевтің қитығына тиген. Көршілер сол үшін талай рет сөзге келіп те қалған. Шу шыққан күні Мамбеталиев Алиеваны лифтіге қамап тыстаған. «Тар қапастан» әзер босап шыққан ақын қыз есесін қайтаруға жүгірген. Барған бетте Мамбеталиевті тістеп алған.

Қазіргі күні орын алған оқиға бойынша жергілікті ІІБ іс қозғады. Жанжал егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр. Нариста Алиева Әділет министрінің орынбасары Жылдыз Мамбеталиевті тістеп алғанын еш жасырып та отырған жоқ.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!