Үндістан Пәкістан портының Қытайға берілуіне алаңдаулы

Фотография - Үндістан Пәкістан портының Қытайға берілуіне алаңдаулы

Үндістан Пәкістанның Араб теңізіндегі стратегиялық портты басқаруды Қытайға тапсырғанына алаңдаушылық білдірді

154 0

Үндістан Пәкістанның Араб теңізіндегі стратегиялық портты басқаруды Қытайға тапсырғанына алаңдаушылық білдірді.

Өткен аптада Үндістанның қорғаныс министрі Араккапарамбил Энтони "Исламабадтың Гвадар портын (Ормуз бұғазына жақын) Қытайдың мемлекеттік компаниясына тапсырғаны алаңдаушылық туғызады" деп мәлімдеді.

Пекин әлемнің әр түкпіріне мұнай тасымалданатын Ормуз бұғазына таяу орналасқан бұл портты дамытуға 100 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салған еді.

Нью-Дели мен Пекин арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жақсарып келе жатқанымен, арада кейбір аймақтық мәселелерде келіспеушіліктер бар.

Үндістан Қытайдың Оңтүстік Азиядағы ықпалының күшейгенін қаламайды. Қытай болса Шри-Ланкадағы портты дамытуға қаржы салып, Бангладешке де осы тектес ұсыныс жасаған. Ал Пәкістан  - Қытайдың маңызды одақтасы, Үндістанның басты бәсекелесі.


Тегтер:

пакистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!