АҚШ-та жеке үйде болған атыста үш адам қаза тапты

Фотография - АҚШ-та жеке үйде болған атыста үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Колорадо штатының Денвер қаласындағы жеке үйлердің бірінде атыс болып, үш адам қаза тапты

235 0

АҚШ-тың Колорадо штатының Денвер қаласындағы жеке үйлердің бірінде атыс болып, үш адам қаза тапты.

Ажал құшқандардың екеуі бала болса, тағы бірі – әйел. Ауыр жараланған үшінші бала ауруханаға жеткізілді. Тапаншаның даусын естіген көршілер полицейлерге хабар берген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, құрбан болғандардың барлығы – бір отбасының мүшесі. Алайда олардың аты-жөні туралы толық ақпарат берілмеді. Тергеушілер анасы балаларын атып, кейін өзіне қол жұмсаған деген болжамды да жоққа шығармады. Қазірге оқиғаның мән-жайы анықталуда. Айта кетейік, елде қазір тұрғындардың қару қолдануына шек қоюға қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Себебі соңғы кездері АҚШ-та мұндай жағдайлар өте жиі болуда.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!