Әзербайжан жазушысы атағынан айырылды

Фотография - Әзербайжан жазушысы атағынан айырылды

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев танымал жазушы Акрам Айлислиді "Халық жазушысы" атағы мен президенттік зейнетақысынан айырды

220 0


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев танымал жазушы Акрам Айлислиді "Халық жазушысы" атағы мен президенттік зейнетақысынан айырды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент бұл шешімін жазушының өткен жылы ресейлік журналда жарияланған "Тас түстер" романы үшін қабылдаған.

Роман Әзербайжан мен Армения қарым-қатынасындағы шиеленіскен мәселелерді қозғайды. Кітапта әсіресе 1990 жылдары Әзербайжаннан бөлініп кеткен, халқының басым бөлігі армяндардан тұратын Таулы Қарабах аймағындағы жағдай сөз болып, армяндар жақсы жағынан сипатталған.

Президент Акрам Айлислиге қатысты жарлығында оның "Әзербайжан тарихындағы кейбір деректерді бұрмалағаны және Әзербайжан халқының сезімін қорлағаны үшін" жазаланғаны айтылады.  

Жазушының өзі атақ пен зейнетақы оның басқа еңбегі үшін тағайындалғанын айтып, президенттің шешімі өзі үшін "күтпеген жағдай" екенін жеткізді.

Роман әзербайжан қоғамында сынға ұшырап, оған наразылық танытылды.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!