Тибетте Қытай саясатына наразы 70 адам ұсталды

Фотография - Тибетте Қытай саясатына наразы 70 адам ұсталды

Қытай полициясы Тибеттің Цинха провинциясында наразылық танытқан 70 тибеттікті тұтқындады. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, тибеттіктер Қытайдың коммунистік режиміне наразылық танытып, өз-өзін өртеу оқиғасынан соң тұтқындалған

122 0


Қытай полициясы Тибеттің Цинха провинциясында наразылық танытқан 70 тибеттікті тұтқындады. Xinhua агенттігінің хабарлауынша, тибеттіктер Қытайдың коммунистік режиміне наразылық танытып, өз-өзін өртеу оқиғасынан соң тұтқындалған. Олардың 12-сіне айып тағылған. Бірақ нақты қандай айып екендігі белгісіз.

Тибетте 2009 жылдан бері 100-ге тарта монах және өзге да қарапайым азамат Пекиннің аймақтағы саясатына наразылық танытып, өз-өздерін өртеген еді. Тибеттіктер Пекиннің өздеріне діни еркіндік беріп, қуғындағы рухани көсемдері Далай Ламаның елге оралуына рұқсат етуін талап етеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!