АҚШ-та атыс жиілеп кетті

Фотография - АҚШ-та атыс жиілеп кетті

АҚШ-та қылмыс күннен-күнге өршіп келеді.

106 0

АҚШ-та қылмыс күннен-күнге өршіп келеді.

Калифорния штатында тағы атыс болып, 1 полиция қызметкері мерт болды. Сондай-ақ 2 тәртіп сақшы ауыр жараланып, емханаға түскен. Жергілікті билік құқық қорғаушыларға оқ атып, жасырынған 33 жастағы Кристофер Джордан Дорнер деген болжам келтірді. Қазір күдіктіні Лос-Анджелес полициясы және ФБР  іздестіріп жатыр. Сондай-ақ оған ақпанның 3-і күні «екі адамды өлтірді» деген айып тағылып, іздеу жарияланған екен. Ол Лос-Анджелесте жергілікті офицердің қызы және жігітін өлтіріп, мүрделерін Калифорния штатындағы Ирвайн қаласындағы жерасты көлік тұрағына тастап кеткен. Күдіктінің бұрын полицияда жұмыс істеп, 2009 жылы қызметтен кеткені анықталды. Алдын ала болжамдарға қарағанда, Д.Дорнер құқық қорғау ұйымынан кеткені үшін әріптестеріне ызаланып, олардан кек алмақ. Айта кетейік, 4 жыл бұрын күдікті Д.Дорнер әріптесіне тұтқындалған күдіктіні ұрды деген жалған айып тағып, қызметтен кеткен екен. Қазір Д.Дорнердің үйі қоршауға алынып, тергеу жүріп жатыр.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!