Бір күнде екі бірдей қомақты ұтысқа ие болды

Фотография - Бір күнде екі бірдей қомақты ұтысқа ие болды

Американың Арканзас штатында ерлі-зайыпты лотереядан бір күнде екі рет мол ұтысқа ие болды. Терри мен Стивен Уиверлер балық аулауға бара жатып 50 мың долларға кенелсе, балықтан келе жатып 50 мың долларды және жеңіп алған

180 0

Американың Арканзас штатында ерлі-зайыпты лотереядан бір күнде екі рет мол ұтысқа ие болды. Терри мен Стивен Уиверлер балық аулауға бара жатып 50 мың долларға кенелсе, балықтан келе жатып 50 мың долларды және жеңіп алған.

Бірегей оқиға туралы Associated Press хабарлайды. Терри мен Стивен балыққа бара жатып, бір сәттік $1 Million Riches лотерея билетін сатып алады. Купон оларға 50 мың доллар жеңіс сыйлады. Қуаныштары қойнына сыймаған ерлі-зайыпты балықтан келе жатып, ұтыс билеттері сатылатын дүкенге бас сұғып, бақ сынап көреді. Фортуна оларға бұл жолы да мейірімін төгіп, отбасылық жұп тағы 50 мың долларды ұтып алды. Жолы болғыш арканзастықтар бұл ұтыстарын зейнетақы қорына аударғалы отыр. Associated Press-тің хабарлауынша, соңғы кездері Америкада мұндай сәттіліктер жиілеген. Мұның алдында Оңтүстік Каролинаның 42 жастағы тұрғыны 200 мың долларлық ұтысты араға төрт ай салып, екі рет ұтып алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!