Қытайда 128 млн. халық кедейшілік деңгейінде өмір сүреді

Фотография - Қытайда 128 млн. халық кедейшілік деңгейінде өмір сүреді

деп хабарлады correspondent.net сайты

786 0

Қытай Халық Республикасының үкіметі ең төмен еңбекақы көлемін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шара күніне 1 АҚШ долларынан кем табысқа күн көретін кедейлердің санын қысқартуға мүмкіндік беруге тиіс. Қазіргі таңда Қытайда ондайлардың ұзын саны 128 млн. адамға жетіп жығылады, деп хабарлады correspondent.net сайты.

Биліктегілер 2015 жылы елдегі ең төмен еңбекақының мөлшері қала тұрғындарының орташа жалақысының 40 пайызын құрауы тиіс деп болжап отыр.

Бұдан басқа биліктегілер мемлекеттік компанияларды қазіргі уақытпен салыстырғанда табыстарының одан да көп мөлшерін бюджетке аударуды міндеттемек. Мемлекеттік қазынаға түскен табысты әлеуметтік шығындарға жұмсау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, билік өкілдері денсаулық сақтау саласын модернизациялау, қолжетімді тұрғын үй ұсынысын арттыру және компания басшыларына еңбекақының жоғарғы шегін белгілеу жұмыстары да жоспарда бар.

Қазіргі таңда Қытайда жылдық табысы 368 АҚШ долларынан аспайтын 128 млн. халық бар. Кедейлердің басым көпшілігі өнеркәсіп дамымаған шалғайдағы ауылды мекендерде қоныстанған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың маусым айында Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао Біріккен ұлттар ұйымының конференциясында сөйлеген сөзінде елде тапшылықта өмір сүріп жатқандардың саны 100 млн. адамнан асады деп мәлімдеген болатын.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!