Жапония Ресейге наразылығын білдірді

Фотография - Жапония Ресейге наразылығын білдірді

Жапония мемлекеті Ресей әскери ұшақтарын «елдің әуе кеңістігі шекарасын бұзды» деп айыптады

382 0

Жапония мемлекеті Ресей әскери ұшақтарын «елдің әуе кеңістігі шекарасын бұзды» деп айыптады.

Елдің  қорғаныс министрлігі  әуе кеңістігіне әскери ұшақтары еніп кетті деп, Ресей Федерациясына наразылығын білдірді. Әскерилердің айтуынша, Хоккайда аралының маңында әуеге көтерілген Ресейдің екі СУ-27 ұшағы елдің әуе кеңістігіне бір минутқа кірген. Жауап ретінде  Жапонияның ЭФ-2 әскери ұшақтары да әуеге көтерілген. Алайда Ресей тағылған айыпты жоққа шығарып, аталған ұшақтардың расында да жоспарлы әскери жаттығуларын орындағанын, алайда олардың ұшуы қатаң қадағаланатынын айтып, басқа мемлекеттің әуе шекарасын бұзбағанын жекізді.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!