АҚШ-ты қарлы боран мен аяз құрсап тұр

Фотография - АҚШ-ты қарлы боран мен аяз құрсап тұр

Жауған қардың қалыңдығы кей аудандарда 76 сантиметрге жеткен

164 0

АҚШ-тың солтүстік-шығысында қарлы боран борап тұр. 

Жауған қардың қалыңдығы кей аудандарда 76 сантиметрге жеткен. Елдің Нью-Йорк, Чикаго және Бостан қаласындағы әуежайларда 2 мыңнан астам рейс кейінге шегерілген. Жолаушылар ұшақты күтіп, терминалдарда түнеуге мәжбүр. Ал шекаралас Канада елінде қарлы боран салдарынан 3 адам қаза тапты. Құрбан болғандардың екеуі жол апатынан, ал тағы бірі қарды тазалау барысында тайғанап құлап, басын жарып алған екен. Жолдарды көктайғақ басып, боран көз аштырмай кеткен. Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша, боран басталғалы Торонтоның өзінде 350-ге жуық жол апаты тіркелген. Ондаған мектеп пен университетте дәріс беру уақытша доғарылды.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!