2025 жылдардан кейін Израиль мемлекеті болмауы мүмкін

Фотография - 2025 жылдардан кейін Израиль мемлекеті болмауы мүмкін

АҚШ-тың барлау қызметі қызықты мәлімет таратты

360 0

АҚШ-тың барлау қызметі қызықты мәлімет таратты. Барлау қызметінің шолушысы Хуссейн әль-Бербери америкалық бір басылымда өз болжамдарын жария етті. Ал бұл мәліметтің астарында ақиқат бар ма, әлде Израиль билігін сақтандыру үшін жасалып отырған мәлімдеме ме? Ол жағы белгісіз.

АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі бар­лау қызметі департаментінің зерт­теуіне қарағанда, 2025 жылдары және одан кейін Израиль мемлекеті болмауы мүмкін. Бұл болжамға қатысты Хуссейн әль-Бербери бірқатар мәліметтер кел­тіреді. Атап айтқанда...

– Израиль мемлекеті жоқ жерден құ­рыл­ды. Алдағы ондаған жылдарда қара континенттен көшіп барған жарты миллионға жуық эфиофиялық еврейлер мен африкалық иудейлер бұрынғы ота­нына қайта оралуы мүмкін. Сонымен қа­тар Еуропа мен Ресейден кезінде көш­кен миллионға жуық еврейлер де қайта кетуі ықтимал. Атап айтар болсақ,  ис­лам елдерінде болып жатқан революция­лық толқулар мен тоқтамай тұрған қан­төгіс сырттан барған израильдіктерді қат­ты алаңдатып отыр. Олар қазір қиын жағдайда, отбасы мен бала-шағасы, ағайын туыстарының амандығын ой­лайды. Оның үстіне ислам елдері мен Из­райль арасындағы жағдай алдағы он­даған жылда  тіпті шиеленісе түседі. Оны біз жоққа шығара алмаймыз, – дейді  Хус­сейн аль-Бербери.

АҚШ барлау қызметінің кейбір мә­лі­меттеріне қарағанда, қазірдің өзінде 500 мыңға жуық еврейлер америкалық төл­құжат алуға өтініш берген көрінеді.

– Жалпы, Израиль мемлекетінің бо­ла­шақта құрдымға кетуі мүмкін екен­дігі ту­ралы пікір бүгін ғана айтылып отыр­ған жоқ, – дейді  Хуссейн аль-Бербери.

Ағылшынның белгілі тарихшысы Ар­нольд Тойнби 1967 жылы араб-еврей со­ғысы бұрқ ете қалғанда елең еткізерлік болжам жасаған.

«Израиль соғыста басым түскенін қуа­на тойлап жатыр. Бұл түпкілікті жеңіс емес. Қуануға ерте. Басқа мемлекеттің ау­мағында құрылған елдің ғұмыры ұзақ­қа бармайды, – деген  Арнольд Тойнбидің пі­кірін енді арада елу жыл өткен соң, АҚШ-тың барлау қызметінің өкілі Хус­сейн аль-Бербери қайталап отыр.

...Уақыт көрсетер.


Тегтер:

Палестина

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!