Мәскеуде автокөлік 3 полицейді қағып кетті

Фотография - Мәскеуде автокөлік 3 полицейді қағып кетті

Мәскеуде автокөлік 4 адамды, соның ішінде 3 полицейді қағып кетті

186 0

Мәскеудегі Кутузов даңғылында шетелдік автокөлік үш жол полицейін қағып кетті.

«Алдын ала ақпарат бойынша бүгін таңертеңгі сағат 5.00 шамасында Кутузов даңғылы, 48 үй маңында BMW автомобилінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қызметте болған үш жол полицейін қағып кетті. Олар жол көлік оқиғасы салдарынан түрлі деңгейдегі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді», - деп хабарлады агенттікке мәскеулік ішкі істер органдарының өкілі.

Оның айтуынша, оқиға орын алған кезде қызметкерлер басқа жүргізушінің құжаттарын тексеріп жатқан. Бұл жүргізуші де зардап шекті.

«BMW автокөлігінің жүргізушісі медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиғаның анық-қанығы анықталуда. Тексеріс аяқталған соң, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады», - деді ішкі істер органдарының өкілі.


Тегтер:

кетті қағып

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!