Италияның 11 облысында төтенше жағдай жарияланды

Фотография - Италияның 11 облысында төтенше жағдай жарияланды

Италияның 11 облысында күн суытып, қар жаууы туралы ауа райы болжамына байланысты төтенше жағдай жарияланды

187 0

Италияның 11 облысында күн суытып, қар жаууы туралы ауа райы болжамына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады Утро.ру.

ІІМ арнайы өкімімен Тоскана, Эмилия-Романье және басқа да бірқатар облыстарда дүйсенбіге қараған түнде жүк машиналарының қозғалысына тыйым салынды. Тұтынушылар қауымдастығы егер тыйым бірнеше күнге созылар болса, супермаркеттерде азық-түлік жетіспеушілігі болуы мүмкін деп қауіптенуде.

Жеңіл автомобильдердің жүргізушілеріне қысқы шиналары болмаса, дөңгелектеріне арнайы шынжыр байлап жүру тапсырылды. Көптеген қалалардың мэриялары мектептердің және басқа да оқу орындарының жабылатынын жариялады. Екінші дәрежелі әуе айлақтарында рейстер тоқталуы мүмкіндігі ескертілді.

Миланда қар тазалайтын техника әзірлік сапына қойылды. Римде коммуналдық қызметтер жанданды.

Болжамдарға қарағанда, ауа райының қолайсыздығы апта бойына созылмақ.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!