Швейцария Пәкістан президентінің ісін қайта қарамайды

Фотография - Швейцария Пәкістан президентінің ісін қайта қарамайды

Пәкістан әділет министрлігінің өкілі Ясмин Аббас та France Press агенттігіне берген сұхбатында мұны растады

294 0

Швейцария үкіметі Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің үстінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты іске қайта тергеу жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Берннің Исламабадқа жолдаған хатында іс уақыты өтіп кеткендіктен қайта қаралмайтыны айтылған. Пәкістан әділет министрлігінің өкілі Ясмин Аббас та France Press агенттігіне берген сұхбатында мұны растады.

Өткен жылдың қараша айында Пәкістан Швейцариядан Зардариге қатысты тергеуді қайта бастауды ресми түрде сұраған еді. Пәкістан үкіметі президентті мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысын жымқырып, оны әйелі Беназир Бхуттоның Швейцария банкіндегі есеп-шотына салып қойған деп күдіктенеді.

Зардариге қатысты алғашқы тергеу 1990 жылдары басталған еді. Бірақ ол 2007 жылы жарияланған рақымшылыққа ілініп, тоқтап қалған. Ал 2009 жылы Пәкістанның жоғарғы соты үкіметке тергеуді қайта жалғастыруды тапсырып, оның соңы елде саяси дағдарысқа әкеп соқты.


Тегтер:

пакистан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!