Румыния жылқы еті дауына қатысты тергеу бастады

Фотография - Румыния жылқы еті дауына қатысты тергеу бастады

Өткен аптада Еуропаның кейбір елдеріндегі супермаркеттерде сатылған бургерлерде жылқы еті табылып, шу шыққан еді

165 0

Румыния президенті Траян Бэсеску егер Еуропа елдеріндегі жылқы етіне байланысты туындаған дауда румын өндірушілерінің қатысы бар болса, елдің беделіне нұқсан келетінін мәлімдеді.

Өткен аптада Еуропаның кейбір елдеріндегі супермаркеттерде сатылған бургерлерде жылқы еті табылып, шу шыққан еді. Франция оған румын ет өндірушілері мен Дания және Кипр саудагерлерінің қатысы бар болуы мүмкін деген. Осыған байланысты Румыния өзінің ет өндірушілеріне қатысты тергеу бастады.  

Ұлыбритания, Франция және Швецияда жылқы еті табылған тағам түрлері дүкендерден алынып тасталды. Франция билігі бұл іске қатысы барларға алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!