Әбжыланнан жасалған ерекше тағамдарға сұраныс артуда

Фотография - Әбжыланнан жасалған ерекше тағамдарға сұраныс артуда

Вьетнам халқының ең көп жейтін жылан түрі – әбжылан

242 0

Вьетнам халқының ең көп жейтін жылан түрі – әбжылан. 6 ай бойы өсірілетін бауырымен жорғалаушылардың басты тамағы – тышқандар мен құрбақалар.

Мамандар бұндай жыланның ұзындығы 1 метрге жеткенде, оны асқа әзірлеп беруге болатындығын айтады. Ханой қаласының маңындағы елдімекенде жыланның бұл түрін көптеп кездестіруге болады. Жергілікті тұрғындардың көбі жылан өсіруді кәсібіне айналдырып алған. Олардың айтуынша, жыланнан жасалынған тағам дәмді әрі адам денсаулығына пайдалы. Мәселен сүйек дертіне шипасы мол екен. Мейрамханаларда адамдар көбінесе, жыланның етінен жасалған тағамдар мен оның қанына тапсырыс береді. Мейрамханада жылан етінен 10-ға жуық тамақ түрін әзірлейді. Онда 1 келі жылан 80 АҚШ доллары тұрады. Шығыс күнтізбесі бойынша жана жылда басты символ жылан болғандықтан, мейрамханаларға күніне орта есеппен алғанда 250 адам келіп, ерекше тағамнан ауыз тиіп кетеді екен.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!