Лос-Анджелес мэрі экс-полицейді ұстағандарға 1млн доллар бермекші

Фотография - Лос-Анджелес мэрі экс-полицейді ұстағандарға 1млн доллар бермекші

Лос-Анджелес билігі адам өлтірді деген күдікпен айыпталған бұрынғы полицейді ұстап бергендерге 1 млн доллар көлемінде сыйақы беретінін хабарлады.

151 0

Лос-Анджелес билігі адам өлтірді деген күдікпен айыпталған бұрынғы полицейді ұстап бергендерге 1 млн доллар көлемінде сыйақы беретінін хабарлады. Калифорнияның оңтүстігінде орын алған бірнеше қылмыстық оқиғаларға қатысы бар Кристофер Дорнер бір апта бойы жасырынып жүр.

33 жасар Дорнер полицейлерге жолдаған онлайн-манифестінде 2008 жылы қызметтік орнынан босап қалуына қатысы бар полицейлерден өш алмақ ниетте екені жасырмады.

Сыйақы  жариялаған Лос-Анджелес мері Антонио Вильярайгоса Дорнер ұйымдастырған террорлық әрекеттерге тез арада тосқауыл қою қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ұлт қауіпсіздігіне, халық тыныштығына кедергі келтіруге ешкімнің де құқы жоқ екенін баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Лос-Анджелес полиция басқармасының бұрынғы қызметкері Кристофер Дорнерге екі полицей мен бұрынғы полиция капитанының қызы Моника Квенді өлтірді деген айып тағылып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!