Кумбха-мела фестивалін тойлау кезінде 36 адам қаза тапты

Фотография - Кумбха-мела фестивалін тойлау кезінде 36 адам қаза тапты

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Аллахабад қаласындағы темір жол вокзалында болған кептеліс кезінде отыз алты адам қаза тапты.

208 0

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Аллахабад қаласындағы темір жол вокзалында болған кептеліс кезінде отыз алты адам қаза тапты. Бұл күндері қалаға қасиетті Кумбха-Мела (Құмыра мейрамы) фестиваліне қатысуға, әрі құлшылық етуге әр жерден адамдар жиналады.

Құқыққорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, зардап шеккендердің бірқатары ауыр халде ауруханаларға жеткізілген. Сондықтан, қаза болғандар саны қазір мәлімделгеннен көп болуы да мүмкін. Оқиға орын алған күні вокзал маңына 4 мыңға жуық адам жиналған. Уттар-Прадеш штатының билігі  оқиғаға қатысты тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын айтып, бұл төтенше жағдай полиция қызметкерлерінің қажылыққа жиналған адамдарды вокзалдан шығармай ұстағанының салдарынан болуыра ықтималдығын  жасырмады.

Құмыра фестивалі 12 жылда бір рет Аллахабад, Харидвар, Насик және Удджайн қалаларында тойланады. Аңыз бойынша, құмырадан ғажайып мәңгілік өмір сусыны -  амританың тамшылары сол жерлердегі өзен суларына ағылған көрінеді. Әр 12 жыл сайын сол қалалар кезекпен қасиетті мерекені тойлауды өз мойнына алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!