Малиде журналистер қауіпсіз аймаққа көшірілді

Фотография - Малиде журналистер қауіпсіз аймаққа көшірілді

Гао қаласында француз әскері 50-ге жуық журналистті елдің солтүстігіндегі қауіпсіз аймаққа көшірді

382 0

Малиде француз жасақтары мен жергілікті радикалды ұйым арасында шиеленіс өршіп барады. Гао қаласында француз әскері 50-ге жуық журналистті елдің солтүстігіндегі қауіпсіз аймаққа көшірді.

Сонымен қатар Гао қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан әуежайда жойқын жарылыс болды. Халықаралық ақпарат агенттіктері бұрынғы полиция учаскесінде жасырынған оппозиция күштері мен Үкімет әскері арасындағы  қақтығыс болған орын журналистер тұрған жерге тым жақын орналасқанын хабарлайды. БАҚ өкілдерінің арасында зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті полиция соңғы тәулікте 4 лаңкестік әрекеттің жолын кескендерін айтады. Ал жойқын жарылыс үшін қазір ешбір экстремистік топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!