Армения Президенттігіне үміткерге қастандық жасаған күдіктілер қамауға алынды

Фотография - Армения Президенттігіне үміткерге қастандық жасаған күдіктілер қамауға алынды

1-ші ақпанға қараған түні 64 жасар Айрикянға Ереванның орталығында орналасқан өз үйінің ауласында оқ атылып, бұғанасынан жарақат алған

202 0

Ереванның Орталық және Норк-Мараш муниципалдық аудандарының бірінші инстанциялы соты Армения Президенттігінен үміткер Паруйра Айрикянға қастандық жасады деген екі күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға шешім шығарды, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Осылайша, жексенбі күні сот елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының өтінішін қанағаттандырды.

Армения президенттігінен үміткер Паруйра Айрикянға қастандық жасады деген күдікпен 47 жасар Хачатур Погосян мен 41 жастағы Самвел Арутюнян 7-ші ақпанда жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түсті.

Күдіктілердің бірінің пәтерінен "Наган" револьвері табылған. Мамандардың сараптамасына қарағанда, үміткерге осындай қарудан оқ атылған.

1-ші ақпанға қараған түні 64 жасар Айрикянға Ереванның орталығында орналасқан өз үйінің ауласында оқ атылып, бұғанасынан жарақат алған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!