Дағыстан билігі шенеуніктерін ұлттық киім киіп жүруге шақырды

Фотография - Дағыстан билігі шенеуніктерін ұлттық киім киіп жүруге шақырды

Президент міндетін уақытша атқарушы «Ер адам шеркес киіп, ал әйелдер ұлттық талғамды ескеріп, шариғат талабына сай киінуі керек», – деп есепетейді

291 0

Президент міндетін уақытша атқарушы «Ер адам шеркес киіп, ал әйелдер ұлттық талғамды ескеріп, шариғат талабына сай киінуі керек», – деп есепетейді.

Осыған орай, Дағыстанның президент міндетін уақытша атқарып жүрген Рамазан Әбділәтіпов жергілікті шенеуніктерді ұлттық киім киіп жүруге үндеді. Бұл жайында АН-online хабар таратты.

Оның айтуынша, шілденің 26-ы күні Дағыстанның Конституция күнінде мемлекеттік қызметкерлер ұлттық киім киіп шығуы тиіс. Президент бұл бастамасын Дағыстан аудандарын қызмет бабымен аралап жүргенде көтерді.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын Қап тауы халқының үйлену тойында киетін киімі Лондонда бірінші орынға ие болып, әлемнің назарын өзіне аударған болатын. Қыздарымызды бала кезінен ұлттық киім киюге баулығанда, бүгіндері араб киімі сәнге айналмас еді. Ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Алайда, ұлттық киімдерімізді кеңінен насихаттайтын кез жетті», – деді ол өз сөзінде. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!