Түркия-Сирия шекарасында жарылыс болды

Фотография - Түркия-Сирия шекарасында жарылыс болды

Жарылыстан ондаған адам жараланған

262 0

Түркияның Сириямен шекарасындағы Чилвегозу бекетінде, Рейханли қаласына жақын маңда сириялық нөмірі бар шағын автобус жарылды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, 13 адам мерт болған. Олардың арасында түрік азаматтары да бар. Жарылыстан ондаған адам жараланған.

Түркия премьер-министрінің орынбасары Булент Аринчтың жасаған мәлімдемесі бойынша, билік шекара бекетіндегі жарылыстың себептерін анықтап жатыр. Үкімет жарылысқа себеп болуы мүмкін барлық жорамалды, оның арасында жанкешті жасауы мүмкін деген болжамды да тексеріп жатыр.

Чилвегозу - сириялық босқындардың Түркияға кіретін негізгі шекара бекеті. Анкара Сирия көтерілісшілерінің президент Башар Асадқа қарсы екі жыл бойына жүргізіп келе жатқан қарулы күресін қолдайды.

Қазір Түркия аумағында мыңдаған сириялық босқын тұрып жатыр.


Тегтер:

жарылыс болды

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!