Сеул КХДР-да ядролық жарылыс болғаны жөнінде хабарлады

Фотография - Сеул КХДР-да ядролық жарылыс болғаны жөнінде хабарлады

Оңтүстік Корея КХДР-да ядролық жарылыс болғаны жөніндегі ақпаратты қуаттады

484 0

Оңтүстік Корея КХДР-да ядролық жарылыс болғаны жөніндегі ақпаратты қуаттады, деп мәлімдеді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қызметкерлерінің бірі.

«Оңтүстік Корея бізді ядролық сынақ өткізілгені туралы хабардар етті», - деп хабарлады дереккөз Reuters агенттігіне.

Жапония сейсенбі күні таңертең болған жерасты дүмпулер ядролық сынаудың салдарынан орын алғанына сенімді.

«Біз бұл тұрғыда Корея Халық Демократиялық Республикасы бұрынғы тәжірибені ескере отырып, сынау жұмыстарын өткізді деп сенеміз», - деді журналистерге Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихиде Суга.

Сарапшылардың айтуынша, 2006 және 2009 жылдары жасалған сынаулар кезінде оқтұмсықты толтыру үшін плутонийді қолданған, алайда кейбіреулері Пхеньян жоғары деңгейде байытылған уран өндірісінің бағдарламасын жасауда деп санайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!