Усама бен Ладенді өлтірген сарбаз жұмыссыз жүр

Фотография - Усама бен Ладенді өлтірген сарбаз жұмыссыз жүр

Әлемдегі ең атақты лаңкес атанған Усама бен Ладеннің басынан үш рет атқан SEAL сарбазы жұмыссыз және зейнетақысыз қалды

217 0

Әлемдегі ең атақты лаңкес атанған Усама бен Ладеннің басынан үш рет атқан SEAL сарбазы жұмыссыз және зейнетақысыз қалды. Тіпті бұл жайттан кейін ол әйелімен де ажырасқан және өзін мемлекет алдап-соқты деп санайды.

Қазіргі таңда аты-жөні бүгінге дейін құпия сақталып келе жатқан жауынгер ардагерлер ісі жөніндегі департаменттен мүгедектік бойынша жәрдемақысын күтіп отыр. Жұмыстан кешегі аптаның жұмасында босаған, зейнет жасына небәрі үш жыл уақыт қалғанда. Енді ол мемлекет тарапынан не зейнетақы, не тегін медициналық көмек те ала алмайды.

Сарбаз 2011 жылдың мамырында болған оқиғаны әлі естен шығармаған, барлығы да көз алдында: «Мен ішімнен Джордж Буштың 11 қыркүйекте: «бостандықты екіжүзді қорқақтар шабуылдады, бірақ бостандығымыз қорғалады» деп айтқан сөзін қайталай бердім» дейді ол. Бен Ладеннің үйіне басып кірген жауынгер қараңғы бөлмелердің бірінен лаңкестің өзін жолықтырады. Усама қорғану үшін өзінің тоқалы Амальды қалқан еткен, алайда сарбаз тапаншасымен лаңкестің басынан үш рет атып өлтірген деп жазады Fox News.

«Ол сасып қалды. Бойы мен ойлағаннан да биік екен. Оның жансызданып бара жатқан денесіне қарап тұрып, өзімнің не істегенімді түсіне алмай тұрып қалдым. Иә, бұл оның нақ өзі және мен оны өлтірдім. Бүкіл әлем бен Ладеннің өлімін тіледі. Оның басы адам көргісіз еді, V әрпіне ұқсап қалған. Миы болса шашылып кетті» дейді АҚШ жауынгері өз естелігінде.

Мұның қаншалықты шындыққа жанасатындығы әзірге белгісіз. АҚШ билігі дәл осылай мәлімдегенімен Усама бен Ладеннің мәйітін бірде-бір адамға көрсеткен емес. Ал, осынау операциядан кейін түсірілген суреттің коллаж екендігін еуропалық мамандар дәлелдеп шығарды. АҚШ тарапы ақыр соңында №1 лаңкестің денесін суға ағызып жібердік деп құтылған болатын.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!