Мысырда президент сарайына шабуыл жасалды

Фотография - Мысырда президент сарайына шабуыл жасалды

Каир жастары президент сарайына шабуылдап, тас жаудырып, оны өртемек болды

157 0

Мысырда тағы бүлік шықты. Каир жастары президент сарайына шабуылдап, тас жаудырып, оны өртемек болды.

Бұл жолғы ереуілге Хосни Мубарактің биліктен кеткеніне екі жыл толуы да себеп болды. Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары ереуілшілерге көз жасаурататын газ бен суатқыш қолдануға мәжбүр болды. Қазір елдегі оппозиция өкілдері биліктегі «Мұсылман-ағайындардың» саясатына көңілдері толмай, халықты жаппай бас көтеруге шақырды. Каир орталығындағы Тахрир алаңына да жүздеген адам жиналып, Мурси мен оның жақтастарына қарсы ұрандатты. Шерушілер билік өкілдерін уәде еткендерінің бірін де орындамады, билікті жеке мақсаттарына пайдаланды деп айыптады. Ақпарат агенттіктері, Мысырдың басқа қалаларында да билікке қарсы шерулердің өткенін хабарлады.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!