Араб елі Малиге 200 тонна азық-түлік жөнелтті

Фотография - Араб елі Малиге 200 тонна азық-түлік жөнелтті

Ислам халықтары мен үкіметтері арасындағы ынтымақтастық аясында Араб елі Малиге 200 тонна азық-түлік жөнелтті.

163 0

Ислам халықтары мен үкіметтері арасындағы ынтымақтастық аясында Араб елі Малиге 200 тонна азық-түлік жөнелтті.

Осыншама азық-түлік бір ұшаққа сыймай, екі ұшақпен аттандырылды. Малидің гуманитарлық қызметке жауапты министрі Мамаду Сидибе Сауд Арабиясының билігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

«Малидегі Сауд Арабиясының елшісі Нагид ибн Әбдірахман әл-Харби осы елге көмек қолын созуға король Абдолла ибн Әбдіәзіздің өзі ықпал еткенін және бұл шара екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты көрсететінін мәлімдеді. Африка елінің солтүстігіндегі аудандардың тұрғындары Алжирмен және Мавританиямен арадағы шекараның жабылуына байланысты азық-түлік тапшылығына ұшырағандарын айтып, дабыл қаққан болатын. Осыған байланысты Сауд Арабиясы Малиге қол ұшын созып, «қолтығынан демеді», деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!