Багам аралдарында шығанақ сатылып жатыр

Фотография - Багам аралдарында шығанақ сатылып жатыр

Багам аралдарында 24 миллион АҚШ долларына Blue Hole Bay деп аталатын керемет шығанақ сатылымға шығарылды

202 0

Багам аралдарында 24 миллион АҚШ долларына Blue Hole Bay деп аталатын керемет шығанақ сатылымға шығарылды.

Шығанақтың ең терең нүктесі 202 метр. Оның сұлулығы, мөлдір тазалығы бүгінде бүкіл әлемнің саяхатшыларының басын айналдыруда. Шығанақты сатып алған жан мұнда өзі жеке келіп демалса да немесе жағасынан курорттар салып тастаса да өкінбейтіні анық. Өйткені, табиғаттың кереметін көргісі келетіндердің қатарында қазіргі күннің өзінде есеп жоқ.

24 миллион долларға тек шығанақтың суы сатылмайды, сонымен қатар оны қоршап тұрған 72 гектар құрлықты да сол ақшаңызға қосып береді. Жалғыз бір кемшілік – аталған орынмен авиабайланыс әлі күнге дейін орнатылмаған. Сондықтан, Blue Hole Bay құрлықпен жету қиынның қиыны.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!