Ресей парламенті темекіге тыйым салатын заңды қолдады

Фотография - Ресей парламенті темекіге тыйым салатын заңды қолдады

Ресей мемлекеттік думасы қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салатын заң  жобасын мақұлдады. Құжатқа 441 депутат қолдап дауыс беріп, 1 депутат қарсы болды

145 0


Ресей мемлекеттік думасы қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салатын заң  жобасын мақұлдады. Құжатқа 441 депутат қолдап дауыс беріп, 1 депутат қарсы болды. Енді жобаны парламенттің жоғарғы палатасы бекітуі керек. Одан соң ол президенттің қол қоюына жіберіледі.

Заң жобасы бойынша, кафе, мейрамхана, университеттер мен басқа да қоғамдық орындарда темекі шегуге, темекіні жарнамалауға тыйым салынады. Бұған қоса темекі өнімдеріне салынатын салық көбейіп, темекінің ең төменгі бағасы қымбаттамақ. Егер заң түпкілікті қабылданып жатса, 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс.

Қазір Ресейде бір қорап темекіні бір АҚШ долларына сатып алуға болады.

Ресейде қазір 44 миллион адам темекі шегеді. Бұл - жалпы халықтың үштен бірін құрайды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!