Обама: Ауғанстандағы соғыс 2014 жылы аяқталады

Фотография - Обама: Ауғанстандағы соғыс 2014 жылы аяқталады

АҚШ президенті Барак Обама конгресте жасайтын жыл сайынғы жолдауында Ауғанстандағы соғыстың 2014 жылдың соңына қарай тоқтайтынын мәлімдеді

413 0


АҚШ президенті Барак Обама конгресте жасайтын жыл сайынғы жолдауында Ауғанстандағы соғыстың 2014 жылдың соңына қарай тоқтайтынын мәлімдеді.

Обама бұған қоса келесі жылға қарай Ауғанстандағы АҚШ әскерінің жартысынан көбі - 34 мың әскеридің шығарылатынын да айтып, одан соң Ауғанстандағы операциялардың тоқтайтынын жеткізді.

Оның сөзіне қарағанда, қазір Ауғанстанда "Әл-Қаида" ұйымының бұрынғы "құдыретінің тек көлеңкесі ғана қалған". Обама Иран басшыларын Тегеранның ядролық проблемасын дипломатиялық жолмен шешуге көндіруге тырысып, АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналын қысқарту туралы келіссөздерді қайта жалғастыратынын да айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!