АҚШ Ауғанстаннан әскери жүк-жабдықтарын әкете бастады

Фотография - АҚШ Ауғанстаннан әскери жүк-жабдықтарын әкете бастады

Ауғанстандағы әскери мақсатқа пайдаланған жабдықтарды тиеген алғашқы көліктер легі бүгін Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Карачи айлағына келіп жетті

130 0

Ауғанстандағы әскери мақсатқа пайдаланған жабдықтарды тиеген алғашқы көліктер легі бүгін Пәкістанның оңтүстігінде орналасқан Карачи айлағына келіп жетті. Бұл жайында айлақ өкілі хабардар етті. 

Америкалық контейнерлер Пәкістан аумағына Bilal Accociates деп аталатын компанияның жекеменшік көлік операторымен Пәкістан-Ауғанстан шекарасындағы «Торкхам» бекеті арқылы жеткізілді. Одан ары жүк тиелген көліктер Карачи айлағына тартты.

Пәкістан аумағы арқылы Ауғанстаннан әкетілген алғашқы әскери жабдықтар 25 контейнер болды. Осы аптада тағы осындай мөлшерде жүк әкетілуі тиіс.

Пәкістан Ауғанстанмен көршілес жатқандықтан әрі географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты НАТО-ның әскерін ауған жерінен шығаруда маңызды рөл атқарады. Сол себепті, америкалықтар Пәкістанның көмегіне арқа сүйеп отыр.

2012 жылғы Пәкістан-Америка келісіміне сәйкес НАТО 2015 жылдың соңына дейін Ауғанстаннан әскерін Пәкістан аумағы арқылы шығарады. Қажет болған жағдайда бұл келісім барлық мүдделі тараптардың пікірі ескеріліп, тағы бір жылға ұзартылуы мүмкін.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!