Пан Ги Мун Солтүстік Кореяның әрекетін айыптады

Фотография - Пан Ги Мун Солтүстік Кореяның әрекетін айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Корей халықтық демократиялық республикасын (КХДР) 12 ақпан күні ядролық қарудың жерасты сынағын өткізгені үшін айыптады

114 0

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Корей халықтық демократиялық республикасын (КХДР) 12 ақпан күні ядролық қарудың жерасты сынағын өткізгені үшін айыптады. Ол Пхеньяннің бұл қадамы Қауіпсіздік кеңесі қарарының талаптарын ашық және дөрекі түрде бұзу екенін мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап, Белта хабарлайды.

«Өкінішке қарай бұл жағдай ерегіс туындатуы мүмкін. Сондықтан өрескел қадамдардан сақтану керек», - деді БҰҰ бас хатшы өз арызында. Сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы КХДР-дың көрші мемлекеттермен және халықаралық одақтастықтармен байланыс орнатуы керектігін ескертті.

Ядролық қаруды таратпау жөнінде мәлімдей келе Бас хатшы, мұның ғаламдық күшке және аймақтық тұрақтылыққа теріс ықпал ететіндігін айтты. Сонымен қатар Пан Ги Мун КХДР-дың бағытын ауыстырғаны дұрыс екеніне тоқталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!