Рамзан Қадыров сиқыршылармен күресуге шақырды

Фотография - Рамзан Қадыров сиқыршылармен күресуге шақырды

Аймақ әкімшілігінің сайтында жарияланған үндеуінде Шешенстан Республикасының президенті Рамазан Қадыров бақсы-балгерлер мен сиқыршылардың жолын кесіп, қызметін тоқтатуды талап етті

273 0

Аймақ әкімшілігінің сайтында жарияланған үндеуінде Шешенстан Республикасының президенті Рамазан Қадыров бақсы-балгерлер мен сиқыршылардың жолын кесіп, қызметін тоқтатуды талап етті. 

«Алаяқтар адамдардың көз жасы мен азап-мехнатын пайдаланып, күн көруді әдетке айналдырған. Қарақан бастарының қамы үшін ештеңеден тайынбайды. Білімі мен білігі жоқ олар былайғы жұртты «ауруыңнан айықтырамыз» деп, алдап-сулап, қалтасын қағады. Ондай алаяқтардың құрығына тек аңқаулар ғана емес, сонымен бірге, басына күн туып, жаны қиналғандар да түсіп жатыр», – депті Шешенстан басшысы.

Грозный қалалық әкімшілік өкілдерімен және білім беру мекемесінің басшыларымен кездесуінде Рамазан Қадыров ондай алаяқтардың діннің атын жамылып, әрекет ететінін алға тартты. Алаяқтармен күресуде қалалық әкімшілік пен құқыққорғау орындарының және діни мекемелердің жұмысын үйлестірудің маңыздылығына тоқталды. «Аңқау елге арамза молда» болып, «қой терісін жамылған қасқырлар» қоғамға үлкен қауіп төндіретіндіктен, оларға қарсы идеологиялық күресті күшейтуге шақырды.

Бұл кездесуге, сонымен бірге, «қызметіңді өсірем», «отбасыңдағы жағдайды реттеймін», «ауруыңнан айықтырамын» деп адамдарды алдап, ақша тауып жүрген тұрғындар да шақырылды. Олардың кейбіреуі өздерін «шейхпіз», «көріпкелміз» деп сендірген. «Халық емшілері» бірде-бір аятты немесе дұғаны білмейтін болып шықты.

Рамазан Қадыров оларды исламға жат, заңға қайшы бұл жолдан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ, бұған құлақ аспағандарды заңмен қудалайтынын да қатаң ескертті. Сөзінің соңында мұндай алаяқтардың кесірінен талай отбасының ойраны шығып, шаңырағы шайқалғанын айтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!