ЕО елдерінде сиыр етіне ДНҚ сараптама жасалады

Фотография - ЕО елдерінде сиыр етіне ДНҚ сараптама жасалады

Еуропаның бірқатар елдерінде жылқы етін жемейді

404 0

Еуропа Одағының денсаулық сақтау комиссары Тонио Борг одақтың барлық мемлекетін сиыр етіне құрамында жылқы еті бар-жоғын анықтау үшін ДНҚ сараптама жасауға шақырды. Бұл туралы ол Брюссельде жылқы етіне қатысты дауға ұрынған елдердің ауыл шаруашылығы министрімен кездесуінде айтты

Германия елдегі ет өнімдеріне сараптама жасауды ендігі бастап та кеткен. Ал Ұлыбритания, Франция, Голландия, Швеция және Швейцария супермаркеттерд сиыр еті бар делінген тағамдарды құрамында жылқы еті бары анықталған соң сатылымнан алып тастаған.

Франция сиыр етінің орнына жылқы еті сатылғанын етпен жабдықтайтын Румыниялық компаниялардан көрмек болған. Бірақ Румыния оған өз компаниялары ның қатысы барын жоққа шығарды.

Жылқы етіне қатысты дау қаңтардың ортасында Ирландиядағы супермаркеттердің бірінде сиыр етіне жылқы етін қосып сатқаны анықталғанда басталды. Содан бері Ұлыбритания, Франция және Швецияның мұздатылған ет өнімдерінің кейбірінен 100 пайызға дейін жылқы еті табылды. Бұл өнімдер басқа ЕО елдеріне де таралуы мүмкін деген күдік бар.

Еуропаның бірқатар елдерінде жылқы етін жемейді.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!