Ресей шенеуніктерінің шетелге қаржы салуына тыйым салынды

Фотография - Ресей шенеуніктерінің шетелге қаржы салуына тыйым салынды

Ресей шенеуніктері алдағы уақытта шетелдік банктерге қаржы сала алмайды

226 0

Ресей шенеуніктері алдағы уақытта шетелдік банктерге қаржы сала алмайды. Тіпті олар енді шетелдің құнды қағаздарын да сатып алуға қақысы жоқ. Мемлекеттік Дума қабылдаған заң Ресей президенті Путиннің қол қоюына ұсынылды.

Бұл ең алдымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар жемқорлыққа тосқауыл қою және елдің бюджеттік ақшасына қатаң бақылау қою үшін жүзеге асқалы отыр.

Бұл заң барлық деңгейдегі шенеунік­терге қатысты, аймақтық дәрежеден бас­тап, федералдық жоғары шенді мемлекет­тік қызметкерлер енді артық ақшасын шекара асырып, ел қазынасының қар­жысын та­лан-таражға сала алмайды. Өздерін былай қойғанда, тіпті олардың зайыбы мен бала­лары да енді шетелдік банктерге қаржы аудара алмайды.

– Өз отанына емес, шетелге қарай ақ­шасын асыратын мемлекеттік шенеуніктер елге жақсылық жасайды, қайырымдылық әкеледі деп сенуге бола ма? – деді пре­зидент Путин.

Желтоқсан айында Федералдық жи­налыста Ресей халқына өз жолдауын арнаған Путин «егер адам мемлекеттік қызметке кірісті ме, оның алдында мем­лекеттік міндеттеме мен жауапкершілік болуы тиіс» деген болатын. Путиннің нұс­қауынан кейін шетелде қомақты қаржылық шоты бар орыс шенеуніктері барлық ақшасын ел банктеріне шұғыл аударуы қажет. Егер бұл жарлық орындалмаған жағдайда, олардың барлығы қызметтен босатылмақ. Қазір Ресей билігі бұл шараға үш ай мерзім уақыт беріп отыр.

Бұл тапсырманың шетелдегі дип­ломатиялық өкілдіктер мен елші­лік­терге қатысы жоқ. Ал егер шенеуніктің шетелде жылжымайтын мүлкi болған жағдайда, оның қандай табысқа сатып алынғаны туралы билікті хабардар етуі керек.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!