Грекиялық фермерлер салықты 50%-ға азайтуды талап етуде

Фотография - Грекиялық фермерлер салықты 50%-ға азайтуды талап етуде

Грекияда фермерлер наразылық шеруін ұйымдастырды. Елдің орталығында орналасқан Ламия қаласында шаруалар ірі тасжолдарды жауып тастады

158 0

Грекияда фермерлер наразылық шеруін ұйымдастырды. Елдің орталығында орналасқан Ламия қаласында шаруалар ірі тасжолдарды жауып тастады.

Халық қатаң үнемдеу шараларына және жұмысшылар санының қысқаруына үзілді-кесілді қарсы. Шеру кесірінен жолдарда көлік қозғалысы тежеліп, жол кептелістері орын алды. Ашуға ерік берген жұртты тарату үшін оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері қарсылық білдірген фермерлермен қақтығысып, шеру соңы төбелеске ұласты. Соңғы келіп түскен деректер бойынша 11 фермер тұтқынға алынды. Шаруалар жалақы көлемін көтеріп, жұмыс орындар сақтап, салықты 50%-ға азайтуды талап етуде.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!