Украинада жанкүйерлер отырған ұшақ апатқа ұшырады

Фотография - Украинада жанкүйерлер отырған ұшақ апатқа ұшырады

Украинаның Донецк қаласында сәрсенбі түнге қарай футбол жанкүйерлері ұшып келе жатқан Ан-24 ұшағы әуежайға апатты жағдайда қонып, өртеніп кетті

158 0

Украинаның Донецк қаласында сәрсенбі түнге қарай футбол жанкүйерлері ұшып келе жатқан Ан-24 ұшағы әуежайға апатты жағдайда қонып, өртеніп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, 5 адам қаза тауып, 12 адам жараланған. Ұшақ бортында барлығы 45 адам болған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ қонарда ұшу-қону алаңынан шығып кетіп, бөлшектеніп кеткен. Ұшақ апатқа ұшырайтын мезгілде әуежай маңы тұманды болып тұрған.

"Оңтүстік әуе желісі" компаниясына тиесілі Ан-24 ұшағы Одессадан ұшып шыққан еді. Жолаушылардың көпшілігі сәрсенбіде украиналық "Донецк Шахтер" футбол клубы мен германиялық "Боруссия Дортмунд" клубы арасындағы чемпиондар лигасының матчына келе жатқан жанкүйерлер болған.

Футбол матчы ұшақ апатынан қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алумен басталды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!