Британия Ауғанстандағы әскерін Өзбекстан арқылы шығаратын болды

Фотография - Британия Ауғанстандағы әскерін Өзбекстан арқылы шығаратын болды

Ұлыбритания Ауғанстандағы өз әскерін Өзбекстан арқылы шығаруға ниетті. Бұл жайында елдің қорғаныс министрі Филип Хаммонд мәлімдеді

273 0

Ұлыбритания Ауғанстандағы өз әскерін Өзбекстан арқылы шығаруға ниетті. Бұл жайында елдің қорғаныс министрі Филип Хаммонд мәлімдеді.

Жалпы, НАТО-ның Ауғанстандағы әскери контингенті елден 2014 жылы шығарылады деп жоспарлануда. Министр атап өткендей, транзит құны 700 мың АҚШ долларын құрайтын техникалармен және қосалқы бөлшектермен төленеді.

Ал, Өзбекстан билігі болса құн ретінде алған әскери техникаларды халықты қуғындауға пайдаланбайды деді Ұлыбритания министрі.

Айта кетейік, Freedom House деп аталатын американдық мемлекеттік емес ұйымы Өзбекстанды демократиясы жоқ мемлекеттердің қатарына кіргізген. Бұл тізімде ала тақиялы ағайындармен бірге Солтүстік Корея, Сирия және Сауд Арабиясы да бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!