Үндістанда Валентин күнін тойлайтындарды сабап тастайды

Фотография - Үндістанда Валентин күнін тойлайтындарды сабап тастайды

Ондағыларды сыртқа шығарып алып, жұдырықтың астына алады. Белсенділер "бұл - жай ғана ескерту" деп отыр

109 0

Музаффарнагар қаласы мейрамханаларының бірінде жастардың Валентин күнін тойлап жатқанын ести сала, бұл мерекеге қарсы топ сонда жетіп келген.

Ондағыларды сыртқа шығарып алып, жұдырықтың астына алады. Белсенділер "бұл - жай ғана ескерту" деп отыр.

Манож Сайни, «Шив сена» партиясының басшысы:

- Бізге кейбір мейрамхана иелерінің Валентин күнін сылтауратып, қыздарды теріс жолға салып жатқанын естідік. Содан оларға сабақ болсын деп, осында келдік. Барлық мейрамхана қожайындарына тағы да ескертеміз. Егер олар біздің сөзімізге жеңіл-желпі қараса және Валентин күнін тойлайтын болса, онда бұдан да жаман болады.

Валентин күніне қарсы наразылық шаралары Лакноу қаласында да болды. Мұнда мектеп мұғалімдері мен оқушылар шеруге шықты. Олардың айтуынша, Валентин күні көптеген жастардың теріс жолға түсуіне және ұлттық тамырдан ажырауына жол ашады. Ереуілшілер шынайы отбасылық құндылықтарды насихаттайтын ұлттық мейрам енгізуді талап етуде.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!