Әзербайжанда билік партиясының саясаткері қамалды

Фотография - Әзербайжанда билік партиясының саясаткері қамалды

Әзербайжан саясаткері, биліктегі "Ени" партиясының ықпалды мүшелерінің бірі Гүләр Ахмедова сыбайлас жемқорлыққа қатысты даудан соң тұтқындалды.

234 0

Әзербайжан саясаткері, биліктегі "Ени" партиясының ықпалды мүшелерінің бірі Гүләр Ахмедова сыбайлас жемқорлыққа қатысты даудан соң тұтқындалды.

Бейсенбіде Баку соты Гүләр Ахмедованы екі айға қамауға ордер берді. Бас прокуратураның хабарлауынша, Ахмедоваға қызметін жеке мақсатқа пайдалануға тырысты деген айып тағылмақ.

2012 жылдың қыркүйегінде интернетте Әзербайжан халықаралық университетінің бұрынғы ректоры Эльшад Абдуллаев парламент депутаты Гүләр Ахмедовамен арада болған әңгімесінің видеосын жарияланды. Онда Ахмедованың Абдуллаевқа 2005 жылғы сайлау алдында парламенттегі орынды саудалап жатқаны түсірілген. 

Әзербайжанда сыбайлас жемқорлық кең тарағанымен, мұндай оқиға бұрын болмаған еді. Егер Ахмедова айыпты деп танылса, 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!