Сириялық лаңкестер 45 адамы бар автобусты кепілдікке алды

Фотография - Сириялық лаңкестер 45 адамы бар автобусты кепілдікке алды

Сириялық лаңкестер ішінде 45 жолаушысы бар автобусты кепілдікке алды.

109 0

Сириялық лаңкестер ішінде 45 жолаушысы бар автобусты кепілдікке алды. Қоғамдық көлік Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясынан ел астанасы Дамаскке қарай бет алған екен.

Жолаушылармен байланыс көлік жолға шыққаннан кейін бір сағаттан соң үзілген. Кепілдікте отырғандардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Лаңкестер оларды діни көзқарастары үшін кепілдікке алуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Өйткені, жолаушылардың көпшілігі Ливанның Кефрайя қаласының тумалары. Сириялықтар оларды сектанттар деп санайды. Әзірге лаңкестер ешқандай байланысқа шықпаған.

Айта кетейік, Сирияда билік пен көтерілісшілер 2011 жылдың наурызынан бері қақтығысып келеді. соңғы мәліметтерге сенер болсақ, осы уақыт аралығында 70 мыңға жуық адам қаза тапқан. Елде азаматтарды кепілдікке алу жайты жиі тіркелуде.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!