Үндістанда Валентин күнін тойлағандар таяқ жеді

Фотография - Үндістанда Валентин күнін тойлағандар таяқ жеді

Ондағыларды сыртқа шығарып алып, жұдырықтың астына алады

139 0

Музаффарнагар қаласы мейрамханаларының бірінде жастардың Валентин күнін тойлап жатқанын ести сала, бұл мерекеге қарсы топ сонда жетіп келген.

Ондағыларды сыртқа шығарып алып, жұдырықтың астына алады. Белсенділер "бұл - жай ғана ескерту" деп отыр.

Бізге кейбір мейрамхана иелерінің Валентин күнін сылтауратып, қыздарды теріс жолға салып жатқанын естідік. Содан оларға сабақ болсын деп, осында келдік. Барлық мейрамхана қожайындарына тағы да ескертеміз. Егер олар біздің сөзімізге жеңіл-желпі қараса және Валентин күнін тойлайтын болса, онда бұдан да жаман болады.

Валентин күніне қарсы наразылық шаралары Лакноу қаласында да болды. Мұнда мектеп мұғалімдері мен оқушылар шеруге шықты. Олардың айтуынша, Валентин күні көптеген жастардың теріс жолға түсуіне және ұлттық тамырдан ажырауына жол ашады. Ереуілшілер шынайы отбасылық құндылықтарды насихаттайтын ұлттық мейрам енгізуді талап етуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!